Мектеп дамуының негізгі бағыттары

Предыдущая12345678910111213141516Следующая

Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы , қажетті ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу. Мектеп тәжірибесіне келелі өзгерістер енгізу алдында мектепті дамыту аймағын айқындаудағы оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылар арасында, бүгінгі мектептің жағдайына мұғалімдердің көзқарасын білу мақсатында мектеп педагогтары арасында сауалнамалар жүргізілді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының оқыту мен оқудағы халықаралық зерттеуі (TALIS) мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап,осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыруға көзқарасын, оның әсерін, бағалаудың маңыздылығын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу (көшбасшылар) тобы құрылды. Коучинг-сессиялар өткізу арқылы енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді.Осы зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары нақтыланды. Мектепті дамытудың жоспары жасақталып, нені дамыту қажеттігі, дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз, олардың нақты, қолжетімді және шынайы болуы SMART-қа сай белгіленді. Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижеге болжам жасалды. Өзгерістерді эвалюациялау тәсілдері көрсетілді.



Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – бұл мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат [3].

Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды іске асыруға бағытталған. Олар:.

1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналардың пікірін ескеру.

2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.

3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.

4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.

5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.

6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.

2.Педагогикалық басқарудың функциялары

Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алыған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.

Басқару объектісі биолгиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.

Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.

Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.

Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.

Қазіргі білім беру жүйесінің дамудағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:

- білім берудің ізгілік сипатта болуы;

-біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;

- білім берудің жалпыға бірдейлігі;

- білім берудің зиялылығы;

- білім берудегі еркіндік пен плюрализм;

- білім берудің демократиялық сипатта болуы;

Білім берудцің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.

Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.

Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.

Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.


6360963156013358.html
6360997478663932.html
    PR.RU™